Ақтаудағы 29 ықшамауданның тұрғыны әкесі екеуі өртеніп жатқан пәтер ішінен балаларды қалай құтқарып қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақтаудағы 29 ықшамауданның тұрғыны әкесі екеуі өртеніп жатқан пәтер ішінен балаларды қалай құтқарып қалғаны туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жағдай 11 қыркүйек күні болған. Төртінші қабаттағы пәтердің балконында өрт болған.
«Дүкеннен қайтып келе жатқанда балалардың жылаған дауысын естідім. Өрт болған кезде балалар үйде қамалып отыр екен. Әкем екеуміз сыртқы есікті бұзып, ішке кірдік. Үй көк түтін болып кеткендіктен, айналамызда ештеңе көрінбеді. Біз балаларды дауыстарына қарап тауып алдық. Әкем оларды бірінші болып көріп, екі қолына екеуін көтеріп алып, сыртқа шықты. Мен 3-4 жасар қызды ала шықтым», - дейді жігіт.
Олар пәтерден шыққан кезде көршілер пәтер ішінде тағы екі бала бар екенін айтқан. Кейін анықталғандай, олар өрт болған кезде мектепте болыпты.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!