Ақмола облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты - Оқиға|23 Шілде 2012, 09:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақмола облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Ақмола облысындағы «Атбасар-Державин» автожолында «жигули» маркалы көліктің трактормен соқтығысуы салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

 

«Ақмол облысы, Жақсы ауданы, «Атбасар-Державин» автожолының 45-ші шақырымы. 2012 жылдың 22 шілдесінде түнгі сағат 00.30-да 1993 жылғы Д.Шәкіжанов басқарып келе жатқан «ВАЗ» автокөлігі 1966 жылғы А.Аяпбергенов басқарып келе жатқан тіркемесі бар «МТЗ-80» тракторымен соқтығысты. Жол апатынан «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісі және оның жолаушылары: 1994 жылғы Д.Иманғалиев, 1993 жылғы Д.Серік, 1993 жылғы А.Раисова, 1992 жылғы А.Раисова, 1993 жылғы Б.Мейрамов, 1994 жылғы А.Бекіжанов оқиға орнында жан тапсырды», - делінген хабарламада.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер