Ақмола облысында аттестаттау кезінде полицей қайтыс болды - Оқиға|18 Қыркүйек 2012, 11:29
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ақмола облысында аттестаттау кезінде полицей қайтыс болды

44 жастағы ақмолалық полицей үшін аттестаттау қайғылы аяқталды 

Оқиға Макинта аудандық орталығында орын алды. «Нормативті тапсырғаннан кейін Бұланды ІІБ сержанты өзін жайсыз сезінген» деп хабарлайды Today.kz. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалуға тырысқанымен, Анатолий Дробчак реанимобильдің ішінде көз жұмған.
Анатолий Дробчак полицияда 20 жылдан аса қызмет еткен. Оның алты баласы мен әйелі қалды. Ақмола облыстық ІІД-індегі әріптестерінің айтуынша, қайтыс болған полицей жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, ешқашан денсаулығына шағым айтпаған.
Айта кетейік, бұл – аттестаттау кезінде орын алып отырған екінші құқық қорғау қызметкерінің өлімі. Өскеменде бір ай бұрын 43 жастағы подполковник Кәрімхан Смаилов дәл осылай қайтыс болған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер