А.Винокуровтың велосипеді 243 мың долларға сатылды - Оқиға|17 Қыркүйек 2012, 09:24
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

А.Винокуровтың велосипеді 243 мың долларға сатылды

Александр Винокуров Лондондағы 2012 жылғы Олимпиадада жеңіске жеткізген велосипедін сатып жіберді 

Бұл туралы Vesti.kz шабандоздың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Бұған дейін уәде еткендей, 16 қыркүйек күні Винокуров өзінің туған күнінде олимпиадалық велосипедін 50 мың доллар бастапқы бағамен аукционға қойды. Нәтижесінде Specialized маркалы велосипедті Tak Group компаниясы бастапқы бағадан 5 есеге дерлік қымбат - 243 мың долларға сатып алды.
Басқа лотпен А.Винокуровтың Лондон Ойындарында өнер көрсеткен киімі 10 мың долларға сатылды. Онымен бірге, «Астана» командасы киімінің бір жинағы 2500 долларға берілді.
Түскен барлық қаражаттар қайырымдылық мақсатта аударылатын болады. Алдын ала ақпарат бойынша, олар ауыр патологиялары бар 5 баланың еміне жұмсалады.
Еске салайық, А.Винокуров Лондон Олимпиадасының бірінші күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы «алтынды» салды.

КТК 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер