69 жастағы павлодарлық психдиспансерде 15 жылға күштеп тоғытылғанын дәлелдей алмады - Оқиға|14 Тамыз 2018, 14:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

69 жастағы павлодарлық психдиспансерде 15 жылға күштеп тоғытылғанын дәлелдей алмады

Фото: автордан

69 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Елубай Армашев психдиспансерге 15 жылға күштеп тоғытылғанын дәлелдей алмады, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.

Зейнеткер бұған дейін екі бердей психдиспансердің дәрігерлеріне шағымданған болатын. Десе де, ақ желеңділердің кінәсі сотта дәлелденбеді. Сот шешімін судья Ажар Баймұхамбетова жариялады.

«Елубай Армашевтың Атырау орталық психикалық денсаулық орталығы мен Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерінен моральдық зиян келтіру бойынша өтемақы өндіру жөніндегі арызы қанағаттандырылмайды», - дейді судья.

Сот қызметкерлерінің айтуынша, айыптаушы тараптың талаптарын орындау үшін дәлелдер жеткіліксіз. Отырыс барысында Қарағанды мемлекеттік университетінің тәуелсіз сарапшыларының пікірі тыңдалды.

Сарапшы Лариса Мациеваның айтуынша, ер азамат емделген екі медициналық мекеме қызметкерлерінің әрекеті заңды болған.

«Зейнеткерді емдеу барысында қолданылған препараттарды қолдануға рұқсат етілген. Салада кеңінен пайдаланып келеді. Ал инсулинокоматозды терапиясы өткен ғасырдың 80-шы жылдарына дейін қолданылған. Сырқаттың медициналық картасындағы ақпараттарға сүйенсек, оны ауруханаға жатқызуға негіз болған», - дейді Лариса Мациева.

Десе де, айыптаушы тарап сот шешімімен келіспейді. Алдағы уақытта аппеляциялық тәртіпте сот органдарына тағы шағымданбақ.

Еске сала кетсек, Павлодар тұрғыны Атырау және Павлодар психдиспансерлерінен моральдық зиян келтіргені үшін 3 млн. теңге талап еткен. Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі 15 жыл бойы психотропты препараттармен күштеп емделгенін дәлелдемекші болған.

Елубай Армашевтың айтуынша, бұған жұбайы кінәлі. Ажырасқысы келмеген жұбайы оны психдиспансерге тоғытып тастаған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер