6 тонна бензин төгілді - Оқиға|14 Қыркүйек 2012, 09:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

6 тонна бензин төгілді

Ақтөбе.14 қыркүйек. BAQ.kz.- Ақтөбе облысында бензовоздың аударылып қалу салдарынан 6 тонна бензин төгілді. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі хабарлайды.

«13 қыркүйекте сағат 16. 50 мин. Ақтөбе облысының Ақтөбе-Орск тас жолының 3 шақырымында «Синойл» ЖШС тиесілі «HOWO» автокөлігінің тіркеме-цистернасы аударылып қалды. Соның салдарынан 6 тонна  АИ-80 маркалы бензин төгілген. Көлікте жалпы 24 тонна бензин болған», деп жазылған хабарламада.

Таратылған ақпарат бойынша, төгілген бензин 100 шаршы метрге аймаққа жайылып кеткен. Оқиға орнына ҚР ТЖМ Ақтөбе облыстық ТЖД 8 маманы мен 2 техникасы жіберілген. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер