BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

«АрселорМиттал Теміртау» жылу электр орталығында плиталар құлады: зардап шеккендер бар

Фото: Хабар 24

Металлургиялық комбинаттың жылу электр орталығының қазандығында плиталар құлап, жұмысшы көп дене жарақатын алды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

3 және 4 қазандық арасындағы 32 тақта құлап, нәтижесінде қазандық істен шығып қалған. Бір жұмысшы зардап шекті.

Дәрігерлердің айтуынша, 25 наурызда Теміртау орталық ауруханасына зардап шеккен жұмысшы келіп түскен. Ол қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр.

АМТ баспасөз қызметі бұл жағдай туралы әзірге пікір білдірген жоқ.

«Жағдай анықталып жатыр», - дейді АМТ баспасөз хатшысы Алексей Агуреев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер