BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

17 млн-дай теңгемен саудаға...

Фото: ашық дереккөзден

Астана, BAQ.KZ. Шекарашылар декларацияланбаған 17 млн теңгеге жуық қаражатты шекарадан алып өтпекші болған азаматты құрықтады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен, Қорғас шекаралық бақылау отрядының жауапкершілік аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығы орталығында шекара наряды 2018 жылғы 11 желтоқсанда, сағат 9-дар шамасында 48 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Ол өзімен бірге Орталық аумағына қарай декларацияланбаған 16 915 000 теңгені алып өтпек болған екен. Ұсталған азаматтың ақшасы актіленіп, Алтынкөл кеден бекетіне тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, сауда жасаушылар үшін бір адамға декларациясыз алып өтуге болатын сома 10 000 доллар көлемінен аспауы тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер