16 адамның өмірін қиған жүргізушісі Д.Козлов 10 жылға сотталуы мүмкін - Оқиға|23 Тамыз 2012, 14:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

16 адамның өмірін қиған жүргізушісі Д.Козлов 10 жылға сотталуы мүмкін

АСТАНА. 23 тамыз. Тамыздың 19-ы күні Алматы - Екатеринбург тас жолында орын алған ірі жол-көлік апатына кінәлі 34 жастағы Дмитрий Козловқа қатысты екі бірдей қылмыстық іс қозғалды.

«Қазіргі кезде Д.Козлов ауруханада жатыр. Оны сақшылар күзетіп отыр», - деп хабарлады Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. «Жол-көлік апатына кінәлі 34 жасар Д.Козловқа қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Біріншісі, ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы - екі және одан да көп адам өліміне әкеліп соқтырған жол жүру ережелерін бұзу әрекеті, екіншісі, 297-бап - оқиға болған жерден қашып кету», - делінген ресми хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 19-ы күні Алматы - Екатеринбург тас жолының 1309 шақырымында ірі жол-көлік апаты болды. Жүк машинасын басқарған Астана қаласының тұрғыны Д.Козлов жолдың қарсы жақ бетіне шығып кетіп, жолаушылар автобусымен соқтығысты. Автобустың артында келе жатқан «Audi-100» көлігі де апатқа ұшырады. Осы жол-көлік апатында 16 адам қаза тауып, 20-дан астамы түрлі жарақаттар алды. Оған кінәлі Д.Козлов оқиға орнынан қашып кеткен болатын. Жақында тәртіп сақшылары оны ұстады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер