BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

15 күнде жаяу жүргіншілердің жол ережесін бұзғаны туралы 600 оқиға тіркелді

Тамыздың 21-мен қыркүйектің 5-і аралығында Астанада өткен «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шараларының қорытындысы белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Астемір Бектаевтың айтуынша осы аралықта елорда көшелерінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен 600-ден астам жол жүру ережесін бұзу оқиғасы анықталды.

«Бұдан бөлек, көлік жүргізушілері тарапынан 300-ден астам жол жүру ережесін бұзғаны белгілі болды. Жаңа оқу жылы басталуына орай жол жиегіне жақын мектептердің маңында жол-патрульдік полициясы қызметінің инпекторлары кезекшілікке шыға бастады. Жол көлік оқиғасының алдын-алу мақсатында көлік иелерімен қатар жаяу жүргіншілермен де жұмыс тұрақты жүргізіліп отырады», - деді Астана қаласының ІІД ЖПБ инспекторы Астемір Бектаев.

Оның айтуынша, жолдағы апаттар негізінен жаяу жүргіншілердің жолды рұқсат етілмеген жерден өтуі салдарынан орын алады. Осы орайда жол сақшылары тұрғындарға, оның ішінде ата-аналарды жолдағы тәртіпті қадағалауға шақырады.

Айта кетейік, елорданың жол-патрульдік полициясы полкінде 800-ден астам қызметкер жұмыс істейді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер