Астана. 21 қараша. Baq.kz – 19 қарашада «Жамбыл» стансасынан екі үгіт пойызы аттанды, олардың мақсаты - ел Президентінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру. Бұл туралы «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Салтанатты шараға облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің басшылары, қала тұрғындары қатысты. Арнайы пойыздар облыс әкімдігінің және Жамбыл темір жол бөлімшесі басшылығының бастамасымен ұйымдастырылды.
Үгіт пойыздары болат жолдың бойымен 1200 шақырым жерді жүріп өтіп, 12 700 теміржолшы тұратын 57 стансаны қамтиды.
Үгіт бригадасында - үкіметтік емес ұйымдардың және этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина қызметкерлері бар.
Жамбыл темір жол бөлімшесінің директоры Дәулетбай Есімбеков үгіт бригадасы құрамында Құмшағыл, Шөлдала, Күркіреусу, Сұрым, Бурное стансаларында болды. Басшы мен теміржолшылардың кездесуі басты тақырып - Мемлекет басшысының Жолдауын талқылауға арналды. Шу өңірінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жол бөлімшесі директорының орынбасары Серік Қалықов жүргізді.
Үгіт пойызы сапарының барысында жол бойында теміржолшыларға медициналық қызмет көрсетілуде. Сондай-ақ арнайы вагондарда халыққа нарықтағыдан арзан бағамен ауыл шаруашылығы өнімдері сатылуда», - делінген хабарламада.
Ақпараттық-насихат топтарының өңір халқымен кездесулері теміржолшылардың Жолдауды зор өрлеу үстінде қарсы алғанын көрсетуде. Бұл құжатта олар өздерінің мақсаттарын жүзеге асыру, бүкіл елдің игілігін жақсарту келешегі жолдарын айқын өкріп отыр.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!