Жолдау білім саласындағы мәселелерді түпкілікті шешеді - Нұрлы жол|14 Қараша 2014, 09:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жолдау білім саласындағы мәселелерді түпкілікті шешеді

Астана. 14 қараша. Baq.kz – Мемлекет басшысы елдегі білім саласына қатысты кейбір түйіндерді жыл басындағы жолдауында ерекше атап өткен болатын. Сондай-ақ, бұл саладағы бірқатар мәселелерді шұғыл шешу керектігін де назардан тыс қалдырмаған еді. Әсіресе, апатты жағдайдағы мектептер мен балалардың үш ауысымда оқуын күн тәртібінен түсірмеу керектігін тілге тиек еткен, - дейді Оңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасының жетекшісі Альбина Елшібева.

- Осы ретте біздің басқарма облыс әкімдігі мен Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен кеңесе отырып, Елбасы атап көрстекен мәселелер түйінін тарқатумен тиянақты айналысып келеді. Соның нәтижесінде, бүгінгі таңда өңірдегі 48 апатты жағдайда тұрған мектептің 32-сінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ал 10 мектептің құрылысы 2015 жылы қолға алынады деп жоспарланған. Қалған алты мектепке құрылыс жұмысын жүргізу үшін құжаттары әзірлену үстінде. Сонымен қатар, облысымыздың 21 мектебінде үш ауысымдық негізде сабақ жүргізіледі. Оның төртеуіне қосымша ғимараттар салынып, олар жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде. Осындай тағы үш құрылыс нысаны келесі жылы қолданылатын болады, - дейді басқарма жетекшісі.

Оның айтуынша, ағымдағы жылда 115 білім мекемесінде құрылыс жұмыстары жүзеге асырылған. Осы мақсатқа 26,9 млрд теңге қаржы бөлінген болса, оның 14 млрд теңгеге жуығы облыстық бюджеттен бөлінген көрінеді.

- Елбасының жаңа экономикадағы жаңа саясат атауымен халыққа арнаған «Нұрлы жол» жолдауында жоғарыда аталған мәселелерді түпкілікті шешудің нақты жолдары көрсетілген. Тіпті, осы бағытта жұмсалуы тиіс қаражат көлемін де Елбасымыздың өзі атап көрсетті. Яғни, үш ауысымдық мектеп пен апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу үшін 70 млрд теңге бағыттау керектігін айтты. Ал облысымыздың мектеп қабырғасындағы балалары үшін орын тапшылығын жою мен оған қатысты жұмыстарды оңтайлы ұйымдастыруға 20 млрд теңге бағыттау арқылы біздер алдағы үш жыл ішінде бұл мәселенің түйінін түпкілікті шешетін боламыз, - дейді білім саласының білікті маманы.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер