Жолдау аясында жолдар төрт бағыт бойынша жөнделеді - Нұрлы жол|20 Қараша 2014, 14:48
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жолдау аясында жолдар төрт бағыт бойынша жөнделеді

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Елбасының «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауын жүзеге асыру барысында еліміздегі автомобиль жолдары төрт бағыт бойынша жөнделетін болады. Бұл жайында бүгін ОКҚ брифингі барысында «ҚазАвтожол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ұлан Әліпбаев мәлімдеді. 

- «Нұрлы жол» жолдауында айтылған нақты тапсырмаларды жүзеге асыруды біздің Ұлттық компания қазірдің өзінде бастап кетті. Осы кезге дейін салынған жолдардың санатын көтеріп, оларды жөндеуден өткізу арқылы Жолдау жүктеген міндеттерді мінсіз орындаймыз деген сенімдемін. Айталық, бұл күнде «Орталық- Оңтүстік» бағытындағы жоба аясында 1 276 шақырымдық «Астана-Қарағанды-Балхаш-Алматы» жолы салынуда. Қазіргі кезде оның 11 учаскесінде (270 км) жұмыс жүргізіліп жатқан болса, 379 шақырымдық 9 учаскесінің құжаттамалық рәсімдері іске асырылуда. Жалпы, жобаның толық іске қосылу кезеңі 2013-2019 жылдар деп жоспарланған. Сондай-ақ, «Орталық-Шығыс» жобасы «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» бағытындағы автожолдар құрайды. Жалпы ұзындығы 1 016 шақырым. Оның 437 км бірінші санатты болса, 579 км екінші санатты жол болмақ. Бүгінде елімізде 18 учаске бойынша 570 шақырымда жұмыстар жүргізілуде. Жоба 2020 жылға қарай толық аяқталады деп күтілуде, - дейді Ұлан Тоқтарбайұлы.


Оның айтуынша, елдің жолға қатысты инфрақұрылымының ең ұзағы әрі ең маңыздысы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолы екен. Бұл жолдың жалпы ұзындығы 2 452 шақырым болса, оның 1 391 км бірінші санатты, ал 1 061 шақырымы екінші санатты жолға жатады.


- Бүгінде 1 727 шақырымы ел игілігіне берілген жолдың қалған 1 345 шақырымының 24 учаскесінде жол салу жұмыстары қызу жүргізілуде. Сәтін салса, келер жылдың соңына қарай жоба толығымен аяқталады деп жоспарлап отырмыз, - дейді ол.


"Жолдау міндеттеген төртінші жобамыздың соңғысы «Орталық-Батыс». Бұл «Астана-Арқалық-Шалқар-Доссор-Бейнеу-Ақтау» бағытын құрайтын жолдар. Ұзындығы 2 064 шақарым. Қазірг кезде 430 шақырымында жұмыс жүргізілген жобаны 2020 жылға қарай қолданысқа беретін боламыз" деді ол өз мәлімдемесінде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер