Жол сапасын арттыру мақсатында 100-ден астам зерттеу жүргізілді - Нұрлы жол|20 Қараша 2014, 16:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жол сапасын арттыру мақсатында 100-ден астам зерттеу жүргізілді

Астана. 20 қараша. Baq.kz – Еліміздегі жолдардың сапасын арттыру мақсатында «ҚазжолҒЗИ» АҚ 100-ден астам зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында аталған компанияның президенті Бағдат Телтаев мәлімдеді.

- «ҚазжолҒЗИ» институты ағымдағы жылда 14 зауыттың, олардың ішінде Ресей мен Өзбекстан зауыттары да бар, битумы мен цементінің 100-ден астам сынамасын сынақтан өткізді. Жол құрылысында жаңа материалдар мен технологияларды енгізу жұмыстары белсене жалғастырылуда. Осы мақсатта институт бүгінде ондаған тәжірибе учаскелеріне мониторинг жасап келеді. Олардың ішінде жол құрылысында FORTA қоспасын пайдалану игерілуде. Ол қоспа басқасын былай қойғанда материалдың беріктігін арттыруға және жол сорабын кемітуге мүмкіндік береді, - дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті Бағдат Телтаев өз сөзінде.


Мамандардың айтуынша, материалдардың бұл түрі жылы асфальт-бетон энергия тұтынуды, газдың атмосфераға шығарылуын едәуір азайтумен қатар, құрылыс маусымын ұзартуға да септесетін көрінеді.


- Қазіргі кезде битум мен битумдық майғындардың (эмульсиялардың) қасиеттерін жақсартатын асфальт-бетонға арналған полимерлік қоспалар сынақтан өткізілуде. Институт мамандарының зерттеп жүрген тағы бір тәсілі жолдың тозуын азайтатын Микросюрфейсинг типтес жұқа қабаттың қыр-сыры. Ол жоғары санаттағы жолдарда ББӨ (бұдырлы беткі өңдеу) технологиясын алмастыруға, жол жабындысын сақтауды және жолдың пайдаланылу мерзімін ұлғайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұның сыртында, құрылыс сапасын жақсартуға септесетін жасартушы құрамдар, топырақ тұрақтандырғыштары пайдаланылған тәжірибе учаскелерін сынақтан өткізу жұмысы жүргізілуде, - дейді компания басшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер