Жол салу жұмысына 20 мың әйел жұмылдырылады - Нұрлы жол|30 Қыркүйек 2015, 17:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жол салу жұмысына 20 мың әйел жұмылдырылады

Астана. 30 қыркүйек. Baq.kz – Бүгін Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың жетекшілік етуімен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын. Отырыста Инвестиция және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек арнайы баяндама жасады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Министрлік мамандарының ұсынған деректеріне сүйенсек, елімізде мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылып жатқан жобаларға әйелдердің қосар үлесі қомақты көрінеді. Айталық, «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салу жобасына 1,5 мың әйел қатысады. Бұл барлық жұмыс істейтін адамдар санының 10 пайызына тең. Сонымен қатар, он екі «сәулелік» автожол жобаларын («Орталық - Оңтүстік», «Орталық - Шығыс», «Орталық - Батыс» және т. б.) іске асыру жобасына жұмысқа тартылғандардың 10 пайызы немесе шамамен 20 мың әйел қатысады деп жоспарлануда екен.

Ал Білім және ғылым министрлігінің ақпараты бойынша «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында білім беру бағдарламаларын жаңа зертханалық жабдықтарды пайдалана отырып оқыту қарастырылуда. Бұл экономикамыздың қажеттіліктеріне сай келетін жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік беретін тың бастамалар болып табылады.

Айта кетейік, отырыста «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру аясында әйелдер арасынан жоғары білікті мамандарды даярлау мәселелері қаралған болатын.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер