Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 50%-ы ауызсумен қамтылады - Нұрлы жол|31 Шілде 2015, 14:16
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының 50%-ы ауызсумен қамтылады

Астана. 31 шілде. Baq.kz – Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысы тұрғындарының 50 пайызы таза ауызсумен қамтамасыз етіледі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Шолпан Ілмұханбетова хабарлады 

- Біздің өңір үшін су мəселесі өте өзекті. Сондықтан, жылдан-жылға осы бағытта бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, игеріліп жатыр. Биыл "Ақ бұлақ" бағдарламасы бойынша жергілікті республикалық бюджеттен 8 млрд-тан теңгеден астам қаражат бөлінді. Ол қаржыға қазіргі уақытта біз ауылішілік су құбырларын салдық. Қазіргі таңда ауылдық жерлердегі орталықтандырылған сумен қамту 25-30 пайыздың шамасында. Осы жобалар жүзеге асса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 50 пайызға дейін жеткізетін боламыз. Бұл мəселе біздің бақылауымызда, - деді Шолпан Ілмұханбетова 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер