Жыл соңына дейін Ақтауда 600 отбасы баспаналы болады - Нұрлы жол|29 Шілде 2015, 11:38
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл соңына дейін Ақтауда 600 отбасы баспаналы болады

Алматы. 29 шілде. Baq.kz – Ағымдағы жылдың соңына дейін Маңғыстау облысының орталығында 32,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 600 отбасы баспаналы болады. Бұл жайында бүгін Ақтау қаласының әкімі Серікбай Тұрымов мәслихат депутаттарының алдында берген есебінде айтты. 

Әкімнің айтуынша, биыл жыл басынан бері 141 жаңа ғимараттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Оның ішіндегі 135-і тұрғын үй бағытындағы нысандар. Барлығы 62,3 мың шаршы метрді құрайтын баспана ел игілігіне берілген.

Сондай-ақ, облыс орталығында жұмыссыздықпен күресу жұмыстары да тұрақты жүргізіліп келеді дейді С.Тұрымов. Атап айтқанда, биыл тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында 7500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде, соның ішінде 734 жұмыс орнын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ашу жоспарланған.

- Еңбек нарығында тұрақтылық орнату мақсатында кәсіпорындар мен қалалық ұйымдарға жұмысқа тұру үшін жұмыссыздарға квота белгілеу керек. Бұл, орта есеппен, жылына жуық адамды тұрақты жұмыспен қамсыздандыруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа тұру мәселесіне ерекше назар аударулары керек, - деді Ақтау қаласының әкімі Серікбай Трұмов. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер