«Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» пойызы шығады - Нұрлы жол|09 Наурыз 2016, 11:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» пойызы шығады

Астана. 9 наурыз. Baq.kz - 15 наурызында көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру және жолаушыларға деген қызмет сапасын мақсатында «Қазақстан темір жолы» АҚ «Жезқазған-Сексеуіл-Қызылорда» бағытында жаңа пойыз шығармақ, деп хабарлайды Baq.kz.

Пойыз тұңғыш рет жаңа темір жол желісімен: Жезқазған -Қарсакпай-Байқоныр-Коктал-Коскөл-Қарашеген-Абай-Сексеуіл әрі қарай Арал-Қазалы арқылы Қызылордаға дейін қатынайтын болады.
40-тан астам елді мекендерді қамтитын бұл бағыт «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік маңызды жоба болып табылады.
«Бұған дейін біздің тұрғындар еліміздің оңтүстігіне бару үшін Қарағанды арқылы қатынап, канша уақыты мен қаржысын шығындайтын. Енді міне, төте жол салынып халық жол азабын тарпайтын болды. ҚТЖ компаниясына ризашылығымызды білдіре отырып, жаңа жол аймаққа жаңа серпін береді деп сенеміз»- дейді Жезқазған қаласының әкімі Батырлан Ахметов.
Пойыз Жезқазғаннан 19 сағ. 12 минутта шығып, Қызылордаға келесі күні 19 сағ. 53 мин. келеді.
Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірегей анықтама қызметіне телефон шалуға болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер