BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жеңіс Қасымбек жергілікті автожолдарға бөлінетін қаржыны көбейтуді ұсынды

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек 2017 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысына арналған алқа мәжілісте жергілікі маңызы бар жолдарды дамытуға қосымша қаржы бөлуді сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Биылғы жылды нақтылау үшін жергілікті жердегі автожолдарды дамыту үшін депутаттардан қосымша ақша бөлуді және қолдауды сұраймыз. Бүгінде шамамен 80 миллиардтан 90 миллиардқа дейін қаржыландыруды жоспарлап отырмыз. Елбасының тапсырмасы бойынша 150 миллиард теңгеге дейін көбейтуді қалаймыз», - деді министр.

Жеңіс Қасымбек қазір министрліктің әкімдіктермен бірлесе тепе-тең 60 млрд көлемінде қаржы іздеп табуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Осылайша жыл сайын жергілікті маңызы бар 4 мың шақырымдық автожолдарды жөндеуді жоспарлап отырмыз. 2020-2022 жылдарға қарай жергілікті жолдардың 85%-ын сапалы жағдайға жеткізу жоспарда бар», - деді ол.

Айта кетсек, 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы 602 шақырым республикалық маңызы бар автокөлік жолдары жаңғыртылды. 2018 жылы республикалық маңызы бар 528 шақырым автожолды реконструкциялау жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер