Жеңіс Қасымбек: Биыл Астана-Павлодар учаскесінде 4 жолақты жол ашылады - Нұрлы жол|25 Шілде 2017, 11:10
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жеңіс Қасымбек: Биыл Астана-Павлодар учаскесінде 4 жолақты жол ашылады

Фото: Арман Мұқатов

Жыл соңына қарай Астана-Павлодар учаскесіндегі 230 шақырым жолда 4 жолақты қозғалысты ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,4 мың шақырым жолды қамтитын 22 автожол жобасын іске асыру қарастырылған.

«Орталық-Оңтүстік жобасы бойынша ұзақтығы 14 шақырым Теміртау-Қарағанды учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары жалғасады және ұзақтығы 228 шақырым болатын Құрты-Бурылбайтал учаскесін жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, бюджет есебінен 3 тоқсанның соңына дейін Қарағанды қаласының Солтүстік-Шығыс айналма жолының құрылысы мен реконструкциялау жұмыстарын бастау жоспарланып отыр», - деді Ж.Қасымбек.

Оның айтуынша, Орталық-Шығыс жобасы бойынша 675 шақырым жолда жұмыс жүргізілуде. Жыл соңында Астана-Павлодар учаскесіндегі 230 шақырым жолда 4 жолақты қозғалысты ашу жоспарланған. Сондай-ақ, Семей-Қалбатау арасындағы ұзақтығы 36 шақырым болатын соңғы учаскедегі бөлікті аяқтау жоспарда бар.

«Орталық-Батыс жобасы бойынша биыл Ақтөбе-Атырау-Астрахань автожолын реконструкциялау жұмыстары басталады және Бейнеу-Ақтау автожолы учаскесіндегі жұмыстар аяқталады.

Қапшағай-Талдықорған, Астана-Петропавл-РФ шекарасы және Орал-Каменка өтпелі жобаларындағы жұмыстар жалғасады. Бұдан бөлек, ұзақтығы 2 мың шақырым болатын Жетібай-Жаңаөзен, Талдықорған-Өскемен, Меркі-Бурылбайтал, Қалбатау-Майқапшағай, Үшарал-Достық, Бейнеу-Ақжігіт, Таскескен-Бақты, Осиновски асуы, Щучинск-Зеренді жаңа жобалары жүзеге асырылатын болады», - деп толықтырды министр.

Бірінші жартыжылдықта іске асырылып жатқан жобалар бойынша 112 млрд теңге игерілді және бұл жобаларға 80 мың адам жұмылдырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер