Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жаңа Жолдауында басты басымдықтың бірі ретінде жастардың әлеуметтік мәселелелері – білім беру, жұмыспен қамту және тұрғын-үйді белгіледі. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ тәрбие жұмысы және әлеуметтік дамыту департаментінің директоры Бақыт Злобин «Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалының XVI есептік-сайлау конференциясында осылай деді, деп хабарлайды «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі.
Оның айтуынша, «Нұрлы жол» Жолдауының басты басымдығы жастарды әлеуметтік-экономикалық бейімдеуден көрінеді. Яғни, сапалы білім беру, жұмыспен қамту және тұрғын-үй басты назарда. Елбасы атап өткендей, индустриаландыру бағдарламасының аясында 10 ЖОО анықталды. Олар ғылым мен экономика салаларының байланысын және кадрлар әзірлеуді қамтамасыз Бұдан бөлек, Б.Злобин білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін 2017 жылға дейін 10 миллиард теңгенің бөлінетінін атап «Бұл – сапалы білімнің арқасында жоғары зияткерлік мәдениетке ие, патриоттық рухтағы кәсіби мамандарды тәрбиелеп шығаруға мүмкіндік береді. Ал бағдарлама тиімді бола түсу үшін оған облыстық атқарушы билік пен жергілікті кәсіпорындар атсалысуы керек», - деді спикер. «Қазіргі заманның жастары тәуелсіз елде өсіп жетілуде. Біз ұлтаралық соғыстар мен қақтығыстарды, 90-шы жылдардың құлдырауын көрген жоқпыз. Бұл үшін де айтар алғысымыз шексіз. Алайда, біз өткен белестерге үңіле отырып, мемлекеттігімізді қастерлей түсеміз. Өйткені, өткеніңді білмей, жарқын болашаққа қадам жасай алмайсың», - деп ойын жалғады Б.Злобин. Жас маман өз сөзінде жастардың уақыт сын-тегеуріндерін еш қорықпастан қабыл алуы және жалпыұлттық «Мәңгілік ел» идеясын іске асыру жолында тынбай еңбектене беруі керектігін атап өтті. «Қажымас қайрат пен ынтымағымыздың арқасында біз «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясатын нығайта түсуіміз керек. Ол біздің экономикамыздың қозғаушы күшіне айналып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға тиіс және дамыған отыз елдің қатарына енуіміздің жалғасы іспетті», - деп түйіндеді Злобин. Айта кетейік, бүгін Өскемен қаласында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектың қатысуымен партияның ШҚО филиалының XVI есептік-сайлау конференциясы болып өтті. Конференцияға 500-ден аса партия өкілі қатысты. Олардың қатарында облыстық партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері, мәслихаттардағы депутаттық фракциялар басшылары, партиялық Сайлауалды тұғырнаманың кураторлары, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері бар. Конференция барысында ШҚО-дағы партия филиалы Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Сонымен қатар, партиялықтар «Нұр Отанның» Саяси кеңесінде қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс- қимыл бағдарламасының іске асырылуын талқылап, Сайлауалды тұғырнамасының облыс аумағында соңғы 2,5 жылдағы іске асырылу нәтижелері қорытындыланды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!