BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жамбылда «Даму» қоры 31 жобаны субсидиялаған

Фото: kostanaytany.kz

Жамбыл облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 2,8 млрд теңгеге барлығы 31 жоба субсидиялады. Бұл жөнінде Жамбыл облысындағы аталған қордың өңірлік филиалының директоры Бақытжан Исақов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы 2010 жылдан бері іске асырылып келеді және оны жүзеге асыру барысында Даму Қоры қаржы агенттігінің функцияларын орындайды, атап айтқанда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді ішінара кепілдендіру құралдары бойынша қаржылық қолдау көрсетіп, сондай-ақ ШОБ жобаларын қаржыландыруға мақұлдау алғанға дейін консультациялық қызметтер түрінде қолдау көрсетеді. Бағдарлама жүзеге асқаннан бері Жамбыл облысында 600-ден астам кәсіпкер қолдау алды. Соның ішінде, субсидиялау құралы бойынша жалпы несие сомасы 204,2 млрд теңгеге барлығы 789 жоба субсидияланды. Осылайша Даму қорымен несиелерге төленген қаржының көлемі 7 млрд теңгені құрайды. Айта кету керек, 2018 жылы жалпы несие сомасы 2,8 млрд теңгеге барлығы 31 жоба субсидияланды, оның 1,3 млрд теңгесі төленді», - деді өңірлік филиал директоры.

Оның айтуынша, аталған бағдарлама аясында кепілдендіру құралы бойынша барлығы 312 жоба кепілдендіріліп, бұл кәсіпкерлерге жалпы алғанда 10 млрд теңгеден аса несие алуларына мүмкіндік берді.

«Бұл ретте Даму қорының берген кепілдіктерінің жалпы сомасы 3,7 млрд теңгені құрады. Оның ішінде, ағымдағы жылы жалпы несие сомасы 1 282 млн теңгеге 43 кепілдендіру шартына қол қойылды. Онда «Даму» Қоры шығарған кепілдіктердің жалпы сомасы 463,3 млн теңгені құрады», - деп мәлім етті Исақов.

«Даму» КДҚ өкілі атап өткендей, өңірде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 817,6 млн. теңге бөлініп, оны аталған қор 6 банкке орналастырған.

«Жамбыл облысында бұл бағдарлама Тараз, Қаратау және Жаңатас қалаларында жүзеге асырылуда. Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы бойынша 817,6 млн теңге бөлінді, оны Даму қоры екінші деңгейдегі 6 банкке орналастырды. Барлық бөлінген қаражат толығымен игерілді. Нәтижесінде 74 жоба несиелендірілді. Ағымдағы жылы бағдарламаны іске асыру үшін 1 232,8 млн теңге бөлінді. Оның ішінде бүгінгі күні 635,6 млн теңге төрт банкте орналастырылды. Қалған 597,2 млн теңге сомасындағы қалған қаражат орналастыру сатысында тұр. Осы бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде біздің облыста жалпы сомасы 921 млн теңгеге 84 жеңілдікті несие берілді, оның ішінде Қордың кепілдігімен 189 млн теңге сомасында 26 несие берілді», - деді Исақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер