Ұлттық қорды пайдаланудан қорықпауымыз керек - экономист - Нұрлы жол|21 Қараша 2014, 14:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлттық қорды пайдаланудан қорықпауымыз керек - экономист

Астана. 21 қараша. Baq.kz – Биылғы жолдау тым ерте жарияланды деп айтып жүргендер қатты қателеседі. Тіпті, қыркүйек айында жарияланған кездерде болған. Сондықтан бұл білмейтін адамдардың әңгімесі. Биыл осымен 19-ші рет жарияланып отыр. Мен соның онына қатысқан адаммын.

Бұл жолдаудың болашағымызға пайдасы өте зор. Елбасы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» деген жаңа жолдауда негізінен бес мәселені ерекше атап өтті. Мен ұлттық қор туралы айтып берейін.

Ұлттық қордан ақпан айында экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард теңгеден екі транш бойынша 1 триллион теңге бөлу туралы шешім қабылданған болатын. Енді, сол жобаларды әріқарай жалғастыру үшін тағы 500 миллиард қарастырылып отыр. Оның қайда жұмсалу керегі жолдауда нақты айтылды. Шағын және орта бизнестен бөлек, бұл жолы көлік-логистика мен ЭКСПО-2017 кешені құрлысына қатты мән беріліп отыр.

Елбасы бірінші кезекте автожолдар жобасын қолға алу қажеттілігі айтылды. Олардың қатарында Батыс Қытай – Батыс Еуропа; Астана – Алматы; Астана – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; Алматы – Өскемен; Қарағанды –Жезқазған –Қызылорда; Атырау – Астрахань жолдары бар.

Ұлттық қорды пайдаланудан қорықпауымыз керек. Осының алдында 2007-2009 жылғы дағдарыс кезінде де ұлттық қордан көлемді қаржы бөлінген болатын. Бұл тәжірибеде бар үрдіс.

Биылғы жолдаудың ерте жариялануының себебі мұнай бағасының төмендеуі, Батыс елдерінің Ресейге санкциясы, әлемдік дағдарыстың жақындап қалғаны себеп болды деп ойлаймын.

 

Мырзагелді Кемел,

экономика ғылымдарының докторы, профессор:


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер