«Transparency International» директоры Астанада семинар өткізуде - Нұрлы жол|16 Қыркүйек 2015, 09:40
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Transparency International» директоры Астанада семинар өткізуде

Астана. 16 қыркүйек. Baq.kz – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Transparency International» бағдарламасының директоры Марк Пайманның «Жемқорлыққа қарсы идеологияны қалыптастыру: бүгінгі болмысы мен келешегі «Скандинавия елдерінің, Сингапур және басқалардың тәжірибесі» тақырыбына семинары басталды.

Академия ректоры Болатбек Абдрасилов іс-шараның қатысушыларына «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру бойынша елде жүргізіліп жатқан жұмыстар, атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту шаралары, Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттары туралы айтып баяндады.

Үш күндік семинарға ҚР Президенті Әкімшілігі, Премьер-Министр Кеңсесі, орталық және жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілері қатысады.

Доктор Марк Пайман жемқорлыққа қарсы күрес және жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша танымал эксперт болып. Транспаренси Интернэшнлда (Transparency International) 2004 жылдан бері қызмет атқарып, үлкен бағдарламаның негізін қалады және басқарды, сол бағдарлама шеңберінде үкіметтегі жемқорлық мәселелерін конструктивті шешу жолдары әзірленіп, жүзеге асырылды. Ол көптеген елдерде, атап айтқанда қорғаныс министрлігі мен қарулы күштер секілді күрделі секторларда жемқорлыққа қарсы тиімді бағдарламаларды жасау бойынша өз жұмыстарымен әлемге әйгілі. Ұлыбритания үкіметінде ірі мемлекеттік жобаларға үкіметтік сараптаманы жүзеге асыратын жауапты лауазымдарды атқарды.

Семинар барысында эксперт мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі элементтерімен және басқа елдердің жемқорлыққа қарсы тәжірибесімен таныстырады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер