Теміржолшылар жолдау жүктеген міндеттерді мінсіз орындауға ниетті - Нұрлы жол|18 Қараша 2014, 17:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теміржолшылар жолдау жүктеген міндеттерді мінсіз орындауға ниетті

Астана. 18 қараша. Baq.kz - Бүгін Президенттің қазақстандықтарға арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмаларға байланысты «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «НұрОтан» бастауыш ұйымының бюро мүшелері мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Кәсіподақтарының Орталық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті, - деп хабарлайды Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев жария еткен жаңа экономикалық саясатында көліктік саланы дамыту мәселелеріне негізгі роль берілген.

«Еліміздің шығысында логистикалық хаб құру, батысында теңіз инфрақұрылымын дамыту, Каспийдегі айлақтар арқылы батысқа қарай экспорттық әлеуетті дамыту, Құрық айлағы арқылы паромдық және Боржақты - Ерсай темір жол желісі арқылы жүк тасымалын үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, Қытай, Иран, Ресей және ЕО мүше елдердің құрғақ және теңіз порттарында қуатты терминалдар салу жұмысы – теміржолшылардың алдағы жылдары атқаруға тиіс міндеттері», - делінген хабарламада.

«Біздің міндетіміз – Елбасы алдымызға қойған тапсырмаларды сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асыру» - деп атап өтті өз баяндамасында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Персоналды басқару және әлеуметтік мәселелер жөніндегі вице-президенті, «НұрОтан» ХДП бастауыш партия ұйымының төрағасы Ермек Қизатов.

Жиын барысында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдаулардың арқасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің көліктік-логистикалық жүйесін дамытуда және ғаламдық инфрақұрылымдық интеграцияда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ Стратегиялық жоспарлау және ұйымдық даму департаментінің директоры Ержан Терекулов, Компания жаңа Жолдауда көрсетілген Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспарын жүзеге асыруға күш жұмсайтын болады. «Компания қызметкерлері бүгінгі күннің басты құжатының мақсаты мен міндеттерін білулері тиіс, оның еліміз және әрбір азамат үшін қаншалықты маңызды екенін түсінулері қажет»-деп айтып өтті.

Бекітілген кестеге сәйкес, осы жылдың 10 желтоқсанына дейін «Қазақстан темір жолының» барлық еңбек ұжымдарында партияның бастауыш ұйымдары мен кәсіподақ ұйымдары «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауды талқылайтын болады. Теміржолшылар Стратегиялық маңызды құжатта көрсетілген 2014-2015 жылдарға арналған жоспарды жүзеге асыруды алдарына мақсат етіп отыр.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер