Талдықорғанда депутаттар «Нұрлы жол» нысандарына тексеріс жүргізді - Нұрлы жол|23 Маусым 2017, 16:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Талдықорғанда депутаттар «Нұрлы жол» нысандарына тексеріс жүргізді

Талдықорған қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жатқан бірнеше тұрғын үй құрылыстарына рейд ұйымдастырылды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы жанындағы комиссия мүшелері, партиялық бақылау комиисиясының мүшелері және мекеме басшылары қатысуымен ұйымдастырылған рейд барысында біз аталған нысандардың белгіленген уақытта, яғни қыркүйек айының соңына дейін тапсырып үлгеретініне көзіміз жетті. Жалпы, қалада «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 5 тұрғын үй салынуда. Жалпы аумағы – 40 мың шаршы метр 562 пәтерлі 4 үй мен 60 пәтерлі 1 үйдің құрылыс жұмыстарына Ұлттық фондтан 1 357 838 млн. теңге қаражат бөлінген. Бөлінген мемлекеттік қаражат мақсатты жұмсалып, нысандар белгіленген мерзімде тапсырылады деп күтілуде», - деді өз сөзінде қалалық мәслихат депутаты Валерий Федоровия Ким.

Талдықорған қалалық филиалының кеңесшісі Элеонора Талданбаева өз кезегінде, комиссия мүшелері мемлекеттік бағдарламасы аясында салынатын өзге де объектілердің партияның қатаң бақылауда ұстап, қаржыны мақсатты игеру мен нысанды белгіленген мерзімде өткізуіне тексеріс жүргізетінін ерекше атап өтті.

«Тиімді инвестициялық және жобалық шешімдерді таңдау бойынша жұмысқа мемлекеттік органдармен қатар, азаматтық қоғамды, қоғамдық кеңестерді тарту да партиялықтардың жұмысына көп көмегін тигізеді. Көпқабатты үйлердің құрылысы күзге дейін мерзімінде аяқталып, нәтижелі жұмыстың куәгері болатынымызға сенімдімін», - деді өз сөзінде.

Айта кетейік, жалпы Алматы облысы бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жалпы 26 тұрғын үй салынып, 11 нысанға инженерлік коммуникациялар желілер тартылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер