Талдықорғанда Астана күні қарсаңында жаңа тұрғын үйлер берілді - Нұрлы жол|05 Шілде 2017, 14:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Талдықорғанда Астана күні қарсаңында жаңа тұрғын үйлер берілді

Бүгін Астана күні қарсаңында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласындағы 6-шағын ауданда 168 жаңа пәтердің кілтін тапсырды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Астана күні қарсаңында бүгін үлкен қуанышқа кенеліп отырсыздар. Бұл жаңа шағын аудандарда күн санап тұрғын үйлер қатары көбейіп келеді. 1700 орындық жаңа мектеп салына бастады. Жақын арада жүзу бассейнінің, жеңіл атлетика манежінің құрылысын бастаймыз. Сондықтан алдағы уақытта да мұндай қуаныштар жалғаса береді деп ойлаймын. Жаңа қоныстарыңыз құтты болсын!» – деді А. Баталов.

Қоныс иелерінің атынан сөз алған Зарина Әбішева мемлекет тарапынан жетім балаларға жасалып отырған қамқорлық үшін шынайы ризашылығын білдіріп, қоныс иелеріне ізгі тілегін білдірді.

Сол сияқты көпбалалы отбасы Гүлнәр Алтыбаева мен Эльмира Ерғожанованың шаңырақтарына арнайы кірген облыс басшысы сыйлығын беріп, құтты болсын айтты.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш коммуналдық пәтерлерге қол жеткізгендер қатарында 15 мүмкіндігі шектеулі азамат, 33 жетім бала және өзге де 12 категория бойынша көп жылдан бері баспана кезегінде тұрған азаматтар бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер