СҚО-да апатты мектеп жоқ - облыс әкімі - Нұрлы жол|21 Қыркүйек 2015, 17:15
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

СҚО-да апатты мектеп жоқ - облыс әкімі

Астана. 21 қыркүйек. Baq.kz – Солтүстік Қазақстан облысы Мәмлүт ауданының орталығында 300 орынға арналған жаңа мектептің тұсауы кесілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Ерік Сұлтанов қатысып, білім беру ғимаратының лентасын қиды деп хабарлайды Baq.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аудан тұрғындарын құттықтаған өңір басшысы Елбасының "100 нақты қадам" Ұлт жоспарында білім саласына ерекше мән берілгендігін атап өтті. Сондықтан, облыстағы балалар мен жастарды оқыту ісі қарқынды дамып келеді деді ол.

"Ұстаздар беріп отырған білімді, тәжірибені бойларыңызға ерінбей сіңіріңдер. Осы мектепті бітіргенде сендер білімді, өз ұлтының бетке ұстар патриоттары болып шығатындарыңа сенімдімін" деді Ерік Хамзинұлы жаңа мектептің оқушыларымен болған кездесуде.

Облыс әкімі оқушыларға жаңа ғимаратпен бірге шағын автобустың да кілтін сыйға тартты. Көлік үйлері алыс орналасқан балаларды тасымалдау үшін қажет.

Бүгінгі таңда аталған мектепке 228 бала келіп білім алуда. Мектеп директоры Ғалихан Бүйрекбаевтың айтуынша, Мәмлүт қаласында барлығы 400-дей мектеп жасындағы бала бар. Солардың ішінен тағы 50 бала биыл жаңа мектептің табалдырығын аттайды.

Айта кету керек, жаңа білім ордасының ашылуымен облыстағы апатты мектеп проблемасы 100 пайызға шешілді. Ал, үшауысымды мектептер мәселесін шешу мақсатында облыс аумағында екі мектептің құрылысы жүргізілуде. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер