«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындағы үздік бейнероликке байқау жарияланды - Нұрлы жол|16 Шілде 2015, 18:27
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындағы үздік бейнероликке байқау жарияланды

Астана. 16 шілде. BAQ.kz – Қоғамдағы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен арттыруға бағытталған 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Нұр Отан» партиясы «Жемқорлығы жоқ ел-гүлденген ел» жобасын іске қосты.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық қоғамдық кеңес ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» тақырыбындағы үздік бейнеролик байқауын жариялайды.

Сайысқа 18 пен 29 жас аралығындағы ҚР азаматтары, жастар ұйымдары, шығармашылық ұжымдар мен креативтік студиялар қатыса алады.

Байқауға қатысу үшін арнайы өтініш жіберіп, аталған тақырыптағы материал әзірлеу қажет. Атап айтқанда, шығармашылық жұмыстар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерге қатысты әртүрлі бағыттарға, жемқорлыққа қарсы іс-әрекет пен оның алдын алу тәсілдерімен, жемқорлық көріністерінің пайда болу себептерін талдау және оны болдырмау үшін моралдық ұстанымдарды кеңінен насихаттауға байланысты болуы тиіс.

Ролик 45 секундтық хронометраждан аспауы тиіс. Жұмыс CD/DVD дискілерінде AVI, FLV форматтарында берілуі немесе prostrana@nurotan.kz электронды поштасына жіберілуі тиіс.

Үздік жұмыстар диплом, құнды сыйлықтар және сыйақымен марапатталады. Сыйақы қоры 300 мың теңгені құрайды.

І-орын алған қатысушы 120000 тг.,

ІІ-орын – 100000 тг.,

ІІІ-орын – 80000 тг. иеленеді.

Сайыс жұмыстары 2015 жылғы 20 қыркүйекке дейін prostrana@nurotan.kz электронды мекен-жай арқылы немесе «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында (Астана қ., Д.Қонаев к-сі, 12/1, 1-қабат, 104 каб., Партиялық бақылау қызметі, тел. 87172 707-609 «Сыбайлас жемқорлықсыз Қазақстан» сайысы белгісімен) қабылданады.

Байқау қорытындыларын а.ж. 30 қыркүйегінде жариялау жоспарланған. Байқау ережелері және жан-жақты ақпаратпен www.nurotan.kz сайтында танысуға болады. 

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер