Шымкентте жыл соңына дейін алты балабақша ашылады - Нұрлы жол|09 Қыркүйек 2015, 18:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шымкентте жыл соңына дейін алты балабақша ашылады

Астана. 9 қыркүйек. Baq.kz – Миллионға жуық тұрғыны бар Шымкентте білім күні қарсаңында жеті білім беру нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне тапсырылған болатын. Бүгінде шаһардағы 126 мектепте 148 мыңға жуық оқушы оқиды. Бұл облыстағы мектептерде білім алатын 602 мың оқушының 25 пайызына жуығы Шымкент қаласындағы мектептерде білім алады дегенді білдіреді. 

Биыл Оңтүстік Қазақстанда мектеп табалдырығын алғаш аттаған 70448 оқушының 21 мыңнан астамы Шымкенттегі мектептерге қабылданды. 2015-2016 оқу жылында 1-сынып оқушыларының 30 пайызы облыс орталығындағы білім ошақтарында дәріс алмақ.

Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды қамту көрсеткіші 77 пайызға жетті. Шаһарымызда жыл соңына дейін жаңа алты балабақшаның құрылысы аяқталмақ. Еліміздегі ірі қалалардың санатына енген Шымкент қаласында бүгінде 296 мектепке дейінгі ұйым белсенді жұмыс жасауда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер