Шекарашылар жолдауды талқылады - Нұрлы жол|18 Қараша 2014, 10:53
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шекарашылар жолдауды талқылады

Астана. 18 қазан. Baq.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде «Нұрлы жол – болашақ жолы» атты саяси оқу күні болып өтті деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Шекара қызметінің барлық бірлестіктері ме құрылымдарында, әскери бөлімдерінде саясаткерлер, ардагерлер және басқа да қоғамдық ұйымдардың, «Нұротан» партиясы өкілдерінің қатысуымен шекарашы сарбаздар Елбасы жолдауын талқылады.

Шекара қызметінің басшысы полковник Дархан Ділманов жеке құрам алдында Мемлекет басшысының биылғы жылғы жолдауының мән-мағынасына, одан туындайтын міндеттер жөнініде айтып өтті. «Нұрлы жолдың» шын мәнінде мемлекетті дамытуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға тигізетін пайдалы жақтарына тоқталды.

- Мемлекет басшысы биылғы жылғы жолдауында мемлекеттік органдардың, әрбір азаматтың өміріне қатысты көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Қазақстан өз жолын дұрыс таңдағандығына тағы да көз жеткізіп отырмыз, Президент нұсқаған бағыт еліміздің дамуына, халқымыздың гүлденуіне жеткізетіндігі сөзсіз, - деп атап өтті Шекара қызметінің басшысы, - экономикалық саясаттың негізгі өзегі «Жеті бағыт бойынша дамудың инфрақұрылымдық жоспары» елімізді дамытып ғана қоймай, сонымен қатар елімізге төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға, жолын кесуге де әсер ететін болады. Ал түпкі мақсат әрине, әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену болып табылады.

Қазіргі таңда еліміздің жеткен биігі алдағы бағындырар биік асулардың алғышарттары екендігі сөзсіз. Еліміздің бай-бақуатты болуы, халқымыздың өсіп-өркендеуі қашанда үлкен жауапкершілік пен еңбекті қажет ететіндігі сөзсіз.

Шекара қызметінің басшысы өзінің сөзін «Қазақстан тек қана алға! - деген біздің басты ұранымыз тарихымыздың жауапты кезеңінде жаңаша мән-мағынаға, терең ойға ие болатындығына сенімдімін. Біздің Отанымызды жаңа биіктерге көтеретін толағай табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін!» деген сөзбен аяқтады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер