Шанхайда «Қазақстан» сауда орталығы ашылды - Нұрлы жол|28 Қазан 2016, 16:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шанхайда «Қазақстан» сауда орталығы ашылды

Шанхай еркін сауда аймағында Шанхай қаласын ет, балық және тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуші «Линхай» корпорациясының ірі орталығы құрылды. Осы орталық аймағында алғаш рет «Қазақстан» сауда орталығы ашылды, деп хабарлайды Baq.kz.

«Линхай» ауылшаруашылық өнімдері орталығының ашылуы салтанатында Қазақстан Республикасының Бас консулы Жошыхан Асылбекұлы Қыраубаев ресми сөз сөйлеп, отандық ауылшаруашылығының дамуы мен мемлекет тарапынан орта және жеке кәсіпкерлер үшін жүргізіліп отырған жеңілдік саясаты, шетелдік инвестиция салымына жасалатын жеңілдіктер туралы түсіндіріп берді. Жиынға Шанхай қаласының және Қытайдың оңтүстік өңірлерінен тамақ өнімін сатушы ірі компания басшылары мен жергілікті Үкімет пен Банк өкілдері, шетелдік Бас консулдар, Логистика компаниялары басшылары жиналды. Іс-шара барысында Еркін сауда аймағы мен «Линхай» сауда орталығы басшылығы, Қазақстан Бас консулдығы арасында қазақстандық тауарларды қытай нарығына шығару туралы түсіністік меморандумы қабылданды.

«Линхай» корпорациясы басшысы Чян Бинганның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы түрлі саладағы әріптестік артқан сайын, қытайлық тұтынушылар да қазақстандық өнімдерді тани түсті. Экологиялық таза, ет, сүт, балық өнімдерін сатып алуға дайынбыз. Екі мемлекет арасында келісімшарт қаншалықты тез жүзеге асып, ортадағы тыйымдар алып тасталса, соғұрлым тез жұмысты бастап кетуге дайын тұрмыз. Органикалық өнімдердің дәмін бір татқан тұтынушылар үшін қазақстандық тағамдар үнемі сұранысқа ие болады. Сондықтан, келешекте біз экономкалық байланысты одан әрі тереңдете түспекпіз» деді ол.

Сонымен қатар, орталықтың ашылу салтанатына Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Украина Бас консулдары қатынасып, қазақстандық дипломаттар мен жеке кәсіпкерлер арасында орнаған тығыз байланысты жоғары бағалап, осы бастаманың өз жұмыстарына үлгі болғандығын жасырмады.

Елбасы жариялаған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық даму бағдарламасының басты бағыттарының бірі – еліміздің экспорттық әлеуетін арттыру мен отандық өндірушілерге қолдау көрсету. Осыған байланысты Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен, Шанхайдағы Қазақстан Бас консулдығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың мамыр айында Иву қаласында «Астау» экспорт-импорттық компаниясы тіркелген. Санаулы уақыт ішінде «Астау» компаниясы қазақстандық «Сұлтан», «Корона», «Тас сай», «ЕФК», «Алматы май зауыты», «Рахат», «ЖШ Қаржау» шаруашылықтарының 46 тауар өніміне Қытай нарығына ресми кіруге болатын арнайы рұқсат қағазын алды. «Астау» компаниясының құрылғанына аз уақыт өтсе де, енді Шанхай қаласының еркін сауда аймағында «Линхай» ауылшаруашық корпорациясы арасында әріптестік орнады. Нәтижесінде, «Линхай» корпорациясы қазақстандық өнімдерді ең ірі сатып алушыға айналды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» жаңа экономикалық даму бағдарламасына сәйкес, отандық өнім өндірушілерді қолдау үшін шетелдегі қазақстандық дипломатиялық өкілдіктері жеке кәсіпкерлермен бірлесіп тығыз жұмыс атқаруда. Шанхай еркін сауда аймағындағы Қазақстан сауда орталығының ашылуы, отандық тамақ өндірушілердің көршілес үлкен нарыққа жол ашып отыр. Табиға таза өнімдер қытайлық кәсіпкерлердің қызығушылғын туындатып, өзара әріптестік орнатуға ынтыландыруда. «Қазақстан» сауда орталығы бүгіннің өзінде Шанхай қаласы мен Чжэцзян, Цзиянсу провинциясында әріптестік қатынас жасауда. Тек осы үш өңірдің тұрғын санының өзі 200 млн.астам адамды құрайды. Бұл-өз өндірісін дамытып, халықаралық деңгейге шығамын деушілер үшін үлкен мүмкіндік болары сөзсіз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер