Сергей Хорошун: «Астана қаласында 76 мың пәтердің құрылысы жүріп жатыр» - Нұрлы жол|02 Қазан 2015, 11:43
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сергей Хорошун: «Астана қаласында 76 мың пәтердің құрылысы жүріп жатыр»

Астана. 2 қазан. Baq.kz – Қазіргі кезде Астана қаласында 270 құрылыс объектісі жұмыс істеп жатыр. Олар 5,1 млн шаршы метр болатын аумақта 76 мың пәтерді салуда. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун айтты. 

– Астана қаласында 2005 жылдан бері тұрақты түрде 1 миллион шаршы метрге тұрғын үй тұрғызылып келеді. Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі мәлімет бойынша, тұрғын үй қоры 18,4 миллионға жетті, яғни 1998 жылмен салыстырғанда 14 миллион шаршы метрге артты. Былтырғы жылы жеке тұрғын үй құрылысы бойынша 250 (ЖТҚ) объект өз жұмысын бастаған. Ал, биылғы жылдың шілде айынан қаланың тұрғын үй қоры 300 мың шаршы метрге артты. Жыл басынан бері 1 млн 198 мың шаршы метр үй пайдалануға берілді, – дейді С. Хорошун.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде 76 мың пәтердің құрылысы жүріп жатыр.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер