Санкциялар кезінде көптеген тәуекелге баруға тура келеді - экономист - Нұрлы жол|22 Қараша 2014, 10:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Санкциялар кезінде көптеген тәуекелге баруға тура келеді - экономист

Астана. 22 қараша. Baq.kz – Дәл қазір әлемде саяси жағдай аса мәз емес болып тұр. АҚШ пен Еуропаның бірақатар мемлекеттері Ресейдің саясатына ашық қарсы шығып отыр. Көптеген санкциялар арқылы қысым жасап отырғаны мәлім. Міне, осындай кезеңде бізге көптеген тәуекелдерге баруға тура келеді. 

Елбасы жолдауды әдеттегідей Парламентте емес, Нұр Отан» партиясының Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жасауы көп нәрсені аңғартады. Сондықтан мұндайда көп нәрсеге тереңірек үңіліп, баса назар аудару керек. Өткен жолдауларда айтылған міндеттер мен мақсаттарды әріқарай жалғастыра отырып, әлеуметтік саланы қолдауда баса айтылып отыр. Мемлекет басшы қай жолдауында болмасын, халықтың күнкөріс жағдайын ешқашан ұмыт қалдырған емес. Осы орайда «Нұрлы жол» бағдарламасының халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда маңызы зор. Бұл жастар үшінде пайдалы. Сонымен қатар жаңа технологиялар мен инновациялық жаңалықтардың мемлекетіміздің әріқарай дамуына үлесі зор.

Қолда бар ресурстарды экономикалық игілімізге пайданудың нақты тетіктері көрсетілген. Өйткені, алдағы жылдары эконмикалық қиындықтар яғни дағдарыс болуы мүмкін. Соған қазірден бастап әзірленуіміз үшін ұлттық қордан қаржы қарастырылған. Енді, осы жолдауды айтылған мәселелерді жүзге асыру ғана қалды. Әсіресе, «Нұр Отан» партиясы бұл іске баса көңіл бөлу керек. 

 

Рахман Алшанов,
экономика ғылымдарының докторы, академик.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер