Астана. 24 қараша. Baq.kz - Бұл жөнінде "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты жаңа экономикалық саясаттың аясында кадрларды даярлау мәселелеріне арналған брифингте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің бірінші проректоры Айтжан Əбдіров айтты.
- Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму-2 мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде біздің университет азық-түлік өнеркəсібі, машина құрастыру жəне химия өнеркəсібі үшін мамандар дайындайтын болады. Бұл үшін бізде барлық жағдайлар қарастырылған. Себебі, біз, аталған салалар бойынша дəстүрлі мамандарды дайындаудамыз. Атап айтақ - олар азық-түлік технологиясы, өндіріс өңдеу технологиясы, стандарттау, метрология жəне сертификаттау, технологиялық машиналар жəне жабдықтар, топырақтану жəне агрохимия. Бірақ біз өндіріс үшін шикізат бөлетін салаларды күшейту керектігін де ұмытқан жоқпыз. Біз мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және олардың механикаландыру деңгейін арттыру үшін аграрлық техника жəне технология саласындағы мамандардың кəсіби шеберлігінің деңгейін көтеруге де басымдық жасап отырмыз, - деді Айтжан Мұхамеджанұлы.
А.РАКИШЕВА, Ғ.МАДАЛИЕВ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!