BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Республикалық маңызы бар жолдардың 90%-ы сапалы болуы тиіс

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жол салу мен жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар 4 мың шақырымдық жолды қамтиды. Осы орайда 2020 жылға қарай мұндай автожолдардың 90%-ы жақсы, қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өткен көлік және логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру жөніндегі республикалық кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«2017 жылы Қазақстанда автокөлік транзиті рекордтық көрсеткішке жетті. 2 млн 100 мың тоннадан астам жүк тасымалданды. Бұл - соңғы жылдардағы абсолютті рекорд. 2016 жылмен салыстырсақ 50% артық. 2020 жылға қарай автокөлік транзитінен түсетін табыс 300 млн доллардан кем болмауы тиіс. Негізгі транзиттік жүк ағыны Қытай арқылы Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне қарай бағытталған. Бұған «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автодәлізі ықпал етіп отыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Ол Қазақстан территориясы арқылы транзитті, экспорттық, импорттық автотасымал нарығында қазақстандық тасымалдаушылардың үлесін арттыру жұмыстары жүргізілетінін атап өтті. 2017 жылдың қорытындысы бойынша біздің тасымалдаушылардың үлесі 52%-ға жетіп, көш бастады. Ал транзиттік автотасымалдаудан түскен қосымша табыс 2020 жылға дейін төлем төлеу жүйесін енгізуге жұмсалмақ.

«Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасының 23 жобасы аясында республикалық маңызы бар 4200 шақырымдық жолды жөндеу және салу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде республикалық маңызы бар автожолдардың 90%-дан астамы жақсы, қанағаттанарлық жағдайда болуы тиіс. Ал техникалық бірінші және екінші деңгейдегі жолдар үлесі 50%-ға дейін артады», - деді Жеңіс Қасымбек республикалық кеңесте.

Министрлік аймақ әкімдерімен бірге облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды дамытудың кешендік шараларын жүзеге асырады. Оның айтуынша, өңірлердегі жолдарды жөндеуге бір жылда бөлінетін қаржыны 150 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер