Qazaq Air Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы рейстерін іске қосады - Нұрлы жол|21 Қазан 2015, 10:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Qazaq Air Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы рейстерін іске қосады

Астана. 21 қазан. Baq.kz – Қазақстанның ішкі рейстерін жүзеге асырумен айналысатын «Qazaq Air» әуе компаниясы қосымша екі рейсті іске қосатынын мәлімдеді. Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы бағытында ұшатын ұшақтардың әуеге көтерілетін кезі алыс емес дейді «Qazaq Air» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Трехерн Поллок ОКҚ брифингі барысында. 

«Қараша айының басынан бастап біздің ұшақтар Алматыдан Талдықорғанға және Астанадан Талдықорғанға ұшатынын қуанышпен айтқымыз келеді" дейді Поллок.

Компанияның коммерциялық директорының айтуынша, жуырда Талдықорғанның әуежайына соңғы тексерулер жүргізілген. Нәтижесінде ұшу-қону жолағының жаңартылғаны, жаңа арнайы техникалардың сатып алынғаны белгілі болды. Талдықорған әуежайы бүгінде заманауи ұшақтарды қабылдап алуға, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге дайын дейді ол.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Qazaq Air» ұшақтары Алматы-Астана, Алматы-Павлодар, Шымкент-Павлодар, Алматы-Шымкент, Алматы-Қостанай, Шымкент-Ақтөбе, Ақтөбе-Қостанай, Ақтөбе-Атырау бағыттарында ұшады. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер