«Павлодар–Астана» тас жолының құрылысы 2017 жылы аяқталады - Нұрлы жол|13 Тамыз 2015, 12:21
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Павлодар–Астана» тас жолының құрылысы 2017 жылы аяқталады

Астана. 13 тамыз. Baq.kz - Бүгінде «Павлодар–Астана» тас жолы алып құрылыс алаңына айналған. Жол жөндеушілер жұмыстың кестеге сай жүріп жатқанын айтады. Шығыс–Қазақстанға дейін созылатын құрылыстың басым бөлігі Павлодар арқылы өтеді.

Ауқымды жоба аясында 1000-нан астам адам нәпақасын күре жолдың бойынан тауып отыр. Ал жергілікті билік құрылыстың қоршаған ортаға және жер ресурстарын пайдалануға зиянын тигізбеу жағын қадағалауда. «Астана-Павлодар-Қалбатау-Өскемен» деп аталатын Орталық-Шығыс дәлізі қайта жөнделіп жатыр. Кең ауқымды жол құрылысы мұнда осыдан 30 жыл бұрын жүргізіліпті. Жаңа 4 жолақты автокөлік жолының салынуы ел экономикасы үшін маңызды. Мердігерлер құрылысқа ең сапалы деген материалдар мен озық технологияларды қолданып жатқандарын айтады. Белгіленген кестеден қалмауды олар басты межеге алған.

Жомарт Ялдинов, мердігер компанияның инженері - Биылғы 2015 жылға бізде 18 шақырым жер жұмыстары және 13,5 шақырым жолдың өзі қарастырылған. Дәл нақты уақытта біз 13 шақырымнан астық. Осы жылда кестеден қалмаймыз деп ойлаймын. Жол түсетін аумақты дайындаудың өзі күрделі. Қажетті материалдар жер қойнауынан алынады. Алдымен барлау, геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Жолдың астына төселетін сазды топырақ, қатты жер қыртысы мен құмның сапасы зерттеліп барып таңдалған. Қолданбалы автокөлік жолдарын жасау үшін кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге 39 келісім жасалған.

Амантай Ғабнасыров, мердігер компанияның инженері -Біздің барлық құжаттарымыз заңға сәйкес рәсімделген. Бүгінде 12 кен орнында жұмыс жүргізуге рұқсат алдық. Олардың 6-ында жұмысты бастадық. Қалғанын келесі жылы қазатын боламыз. Олардан сазды балшық, құм және қатты жер қыртысын аламыз. Атап өтерлігі бұл құрылысқа бүкіл Павлодар облысы қатысып отыр. Барлық қалалар мен ауылдық аймақтардан оның ішінде Бәйет ауылы, Екібастұз қаласы, Солнечный және Шідерті кенттерінен келіп жұмыс істейді. Жалпы бұл үрдіске 600 астам адам тартылып отыр. Жол жөндейтін кәсіпорындар құрылыс аяқталғаннан кейін кен алынған орынның құнарлы топырақ қабатын толық қалпына келтіреді. Ал жер қатынастары басқармасы мониторинг жүргізіп, жерді заңсыз пайдаланудың алын алуда.

Дәулет Есмағамбетов, Павлодар облыстық жер қатынастары басқармасының бас маманы -Біз жерге және экологияға қатысты қандай да бір заңбұзушылықтардың болмауын қадағалаймыз. «Павлодар-Астана» тасжолының бойында жол жөндеу жұмыстарымен 5-6 кәсіпорын айналысады. Жалпы саны 25 учаскеде дәл осындай жұмыс атқарылуда. Мониторингтің қорытындысы келесі аптада белгілі болады. «Ал 2017 жылы аяқталуы тиісті жол құрылысы аса жоғары қарқынмен жүріп жатыр», – дейді мамандар.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер