Өткен жылы Алматы облысында үш ауысымда оқитын 11 мектеп салынды – Б.Өнербаев - Нұрлы жол|06 Ақпан 2016, 15:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өткен жылы Алматы облысында үш ауысымда оқитын 11 мектеп салынды – Б.Өнербаев

Астана. 6 ақпан. Baq.kz – Алматы облысында 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен үш ауысымда оқитын 11 мектеп салынды. Бұл жөнiнде Премьер-министр орынбасары Дариға Назарбаеваның қатысуымен өткен Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кеңейтiлген алқа отырысында Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары Бахтияр Өнербаев мәлiмдедi.

"Қазір "Нұрлы жол" бағдарламасының аясында Алматы облысында 6 мектеп, 3 балабақшаның құрылысы жүргізілуде. Сонымер қатар, Ұлттық қордың есебінен жаңа алты мектептің құрылысын жүргізу бойынша мəселелер шешілуде. Апатты мектептер мен мектепке дейін білім беру жəне үш аусымда оқытудың өзекті мəселелері облыстың басты назарында. Өңірімізде бұл мəселе бюджеттік қаржы есебінен ғана емес, жеке инвесторларды тарту арқылы да шешілуде. Облыста 42 білім нысанының құрылысы мен қайта жаңарту жұмыстары жүргізілді. Мысалы, 2015 жылы қолданысқа берілген 26 нысанның 10-ы республикалық бюджеттен салынса, 16-сы жергілікті бюджет есебінен салынды. 2011 жылы облыста анықталған 24 апатты мектептің 23-1 жергілікті бюджет есебiнен жөнделді", - дедi ол.
Б.Өнербаев Алматы облысы республикадағы халқы көп аймақтың бірі екенiн атап өтiп, демографиялық өсімнің артуына байланысты 2010 жылдан бері жалпы білім беретін мектептердегі оқушылардың саны 40 мыңға өскенiн айтты.
"2001 жылы облыста күніне 62 бала дүниеге келетін болса, қазір бір күнде 102 бала туады. Яғни, бала өсімі 2 есеге артты. Сондықтан да, үш ауысымда сабақ оқытатын мектептердің саны 59 мектепке жетті. Осы бағытта жаңа мектептер салып, үш ауысымдық мектептерді жою көзделіп отыр. 2015 жылы жергілікті бюджет есебінен үш ауысымда оқитын 11 мектеп салынды. Биыл 10 мектептің құрылыстық-монтаждау жұмыстары басталады. Қалған мектептер 2018 жылға дейін шешімін табады деп сенемін", - дедi әкiмдiк өкiлi.

ФОТО: otyrar.kz
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер