Өскеменде терможаңғырту бағдарламасы бойынша 185 үй жөнделді - Нұрлы жол|16 Желтоқсан 2015, 15:45
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өскеменде терможаңғырту бағдарламасы бойынша 185 үй жөнделді

 Астана. 16 желтоқсан. Baq.kz - Облыс орталығы Өскеменде тұрғын үй аумақтары жөнделіп, күннен-күнге жаңалануда. Жыл басынан бері шаһарда терможаңғырту бағдарламасы бойынша 185 үй жөндеуден өтсе, 2016 жылы тағы бірнеше үйді жөндеу жоспарда тұр.

 Қазіргі таңда қала бойынша 1662 көппәтерлі және 23 мыңға жуық жеке меншік үй бар және олардың барлығы дерлік жылу жүйесімен толықтай қамтылған. Оның ішінде 185 үйге терможаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіген.
Айта кетсек, қазірде «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында Өскеменде Жаңа Согра кентінің Менделеев көшесіндегі жоспарланған 716 м жылу жүйесінің 220 метр аумағы күрделі жөндеуден өтсе, қалған бөлігі 2016 жылы дейін аяқталып, іске қосылады.
Өскеменде терможаңғыртудан бөлек, инфроқұрылымға да көптеп мән берілуде. Мердігер компания Сәтпаев даңғылын жөндеуде жобалық сметалық құжаттамаларды әзірлеуде. Аталған жоба бойынша, даңғылда көлік жолақтары әр бағытта 3 жолақшаға дейін кеңейтіліп, жарық жүйесі орнатылып жаяулар өткел салынады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер