«Орталық - Шығыс» автобанының алғашқы бөлігін қабылдап алды - Нұрлы жол|07 Ақпан 2016, 10:07
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Орталық - Шығыс» автобанының алғашқы бөлігін қабылдап алды

Астана. 7 ақпан. Baq.kz - Павлодар облысының жол қызметі мекемесі құрылысы жүріп жатқан республикалық маңызы бар «Орталық -Шығыс» автобанының алғашқы бөлігін қабылдап алды.
 

«Қазақавтожолдарының» облыстық филиалы қызметкерлері «Батыс айналымы» аталған ұзындығы 25 шақырым болатын жолды тәулік бойы бақылайды. Жаңа көлік дәлізі жүк көліктерінің нөпірін облыс орталығына кіргізбей, айналма жолға бағыттайды. «Павлодардың Батыс айналымы» – мемлекеттік «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан аса ауқымды «Орталық - Шығыс» жобасының бір бөлігі. Стратегиялық маңызға ие жол торабына қызмет көрсету жауапкершілігі «Қазақавтодор» мекемесіне жүктелген.

Олег Левченко, «Қазақавтодор» мекемесі жол пайдалану учаскесінің бастығы: - Біздің негізгі мақсатымыз – жылдың барлық мезгілінде күн-түн демей, көліктердің жолдармен кедергісіз жүруін қамтамасыз ету. Арнайы техника екі ауысыммен жұмыс істейді. Үнемі байланыстамыз, көмек керек болған жағдайда шұғыл келіп жетеміз. Күре жолдардың тазалығын сақтау әсіресе қыс мезгілінде қиындық тудырады. Бақылауға алған жолдың қарын дер кезінде тазартып, көктайғақты болдырмауға көп күш жұмсалады. Тәулік бойы жол бойында жұмыс істейтін еңбеккерлерді жүргізушілердің немқұрайлығы алаңдатады екен. Жолдың үстінде жатқан бөгде зат көлік апатына себепкер болатынын көпшілігі біле бермейді.

Сергей Омаров, жол шебері: - Көбінесе қоқыстарды пакетпен жолдың шетіне, дәретханалардың қасына әкеліп тастап кетеді. Көліктердің доңғалақтарын ауыстырады да жолдың үстіне қалдырып кетеді. Сол жол қауіпсіздігіне бірден қауіпті. Өйткені көрмей қалып, біреулер доңғалақтардың үстіне шығып кетуі мүмкін. «Қазақавтодор» тәулік бойы қадағалайтын жолдың бөлігін күтуге арнайы жаңа техника бөлген. Қолданысқа енген автобанның бұл бөлігі жол тораптарының бастамасы ғана. Мұнда бірнеше жол айырықтары пайда болады. Ал Ертіс өзені арқылы Кенжекөл ауылына өтетін ірі көпір құрылысы биылғы жылдың соңында аяқталады деп жоспарланған. Сонда ғана Өскеменге жол тартқан жүк керуендері қалаға кірмей, жаңа көпір арқылы тікелей қатынайтын болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер