Облысаралық көлік қатынастары жақсаратын болады - Нұрлы жол|12 Сәуір 2017, 18:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Облысаралық көлік қатынастары жақсаратын болады

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде облысаралық көлік қатынастарын ашу және Алакөл көлінің маңында туризмді дамыту мақсатында облыс әкімі А. Баталовтың «Астана - Үшарал - Астана», «Алматы – Үшарал - Алматы» авиарейстерін ашу туралы бастамасы Инвестициялар және даму министрлігі тарапынан қолдау тапты, дейді BAQ.kz тілшісі.

Бұл туралы бүгін Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысы туралы өткен актив жиынында облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар дың баяндамасында айтылды.

Осы жиын барысында Талдықорған мен Шымкенттің, Өскеменнің, Қарағанды, Павлодар қалаларының арасын жалғайтын әуе қатынастарын ашудың мүмкіндіктері қарастырылып жатқаны хабарланды.

"Инфрақұрылымды дамытудың «Нұрлы жол» бағдарламасының басым бағыттарының бірі «Алматы - Шығыс» бағытын дамыту. Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысы, «Алматы - Өскемен», «Үшарал-Достық» бағытындағы автокөлік жолдарының қайта жаңғырту жұмыстары т.б. мәселелер қаралатын болады" - деді облыс әкімінің орынбасары.

Сондай-ақ, облыстағы жолдардың жағдайына талдау жасалды. Мәселен, облыстық маңызы бар жолдардың 37,3 % жақсы қалыпта, 40,3 %-інің жайы қанағаттанарлық деңгейде, 22,4 % – жөндеуді қажет ететіндігі анықталған. Бұған байланысты да шаралар қабылданатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер