Облыс әкімі 20 отбасыға пәтер кілтін табыс етті - Нұрлы жол|01 Сәуір 2017, 21:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Облыс әкімі 20 отбасыға пәтер кілтін табыс етті

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов Қостанай ауданы Заречный ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданында бой көтерген екі жаңа үйдің тұрғындарына пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Заречный ауылындағы «Солтүстік» шағын ауданында 48 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылысы 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүзеге асып отырғанын айта кеткен жөн.

«20 жаңа қоныстанушыға пәтерлердің кілттерін табыстап отырмыз. Сонымен қатар, жақын арада тағы 76 отбасы жаңа үйде қоныс тойын тойламақ. Мемлекет басшысының халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету тапсырмасын біз уақытылы орындауға күш салмақпыз. Қазіргі таңда Қостанай ауданының көптеген тұрғындарында жинаған қаражаты бар. Олардың «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пәтер алуға мүмкіндіктері мол. Бұл үйлерде мемлекеттік қызметшілер, әлеуметтік сала мамандары мен өзге да азаматтар тұратын болады», – дейді Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов.

Биыл осы шағын ауданда тағы да 9 көпқабатты тұрғын үй құрылысы түседі деп жоспарлануда.

Жаңа пәтерге ие болғандардың бірі Ксения Плотникова.

«Біз бұл баспананы көптен күттік. Заречный ауылындағы жаңадан бой көтеріп жатқан «Солтүстік» шағын ауданында алғашқылардың бірі болып екі бөлмелі пәтерге ие болып отырмыз. Оның бағасы 7 млн теңгеден сәл-пәл асады. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы 2 млн теңгеден астам қаражат жинадық. Қалғанын бізге банк жеңілдетілген несие арқылы алып берді. Күйеуім – мемлекеттік қызметкер, мен бала күтіміне байланысты үйде отырмын. Несиені уақытылы төлей алатынымызға сенімдіміз», - дейді Ксения.

Жаңа пәтерге ие болғандардың ішінде Алмагүл Бегділдина осы сәтті 12 жыл бойы күтіпті. Абай ауылынан келген отбасы көптеген тағдыр сынағын бастарынан өткеруде. Арқа сүйеп отырған жан-жары мүгедек боп қалса, әскери қызметте жүрген баласын қара жер қойнына тапсырған. Облыс әкімі осы отбасының пәтеріне арнайы бас сұғып, сый-сияпат жасады.

Сурет автордікі


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер