BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыруға 100 мың адам жұмылдырылған 

«Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыруда жергілікті автожол желісі есебімен 100 мың адам жұмылдырылған. Бұл жөнінде Орталық коммуникацялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру және оны халықаралық көлік жүйесіне біріктіру, сондай-ақ, Қазақстан арқылы өтетін транзит ағынын ұлғайту мақсатында «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді. Аталған бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – жол құрылысы болып табылады. Осылайша, 2018 жылы қалпына келтіру 4,2 мың км құрайтын 23 автожол жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның 22 жобасы өтпелі болып табылады және соның ішінде 10 жоба Халықаралық қаржы институттарының қарыздары есебінен жүзеге асырылып жатыр», - деді Беков.

Оның айтуынша, Ұзынағаш-Отар учаскесінде вахта қалашығын салу және техниканы жұмылдыру бойынша жұмыстар басталды. Жыл соңына дейін Балқаш-Бұрылбайтал учаскесінде қалпына келтіру жұмыстары басталады.

«Сонымен қатар, Қарағанды-Балқаш учаскесін қалпына келтіруге ЭксИмБанк қарыз қаражатын пайдалану туралы келісім жасалды. Оның аясындағы жұмыстар 2019 жылға жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайды есепке ала отырып, республикалық бюджет, «ҚазАвтоЖолә ҰК» АҚ есебінен Ақтөбе-Қандыағаш учаскесінде 120 км қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 31 мамырында Ұлкен Алматы айналма автожолының құрылысы басталды. Айналма жолдың құрылысы 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Жалпы, «Нұрлы жол» жобаларын жүзеге асыруда жергілікті автожол желісі есебімен 100 мың адам жұмылдырылған. 95% қазақстандық өндірушілердің материалдары қолданылуда. Жыл қорытындысы бойынша 528 км қашықтықта қозғалыс ашу жоспарлануда», - деді комитет өкілі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер