«Нұрлы жол» вокзалында тегін интернеті бар «Astana Taxi» қызметі ашылды - Нұрлы жол|12 Шілде 2017, 20:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Нұрлы жол» вокзалында тегін интернеті бар «Astana Taxi» қызметі ашылды

«Нұрлы жол» вокзалы кешенінен «Astana Taxi» жолаушылар тасымалдау ресми қызметі ашылды, деп хабарлайды BAQ.kz ақпарат агенттігі.

Бірыңғай таксидің желілік қызметі жолаушыларға қызмет көрсету сапасын көтереді. Таксилер бірыңғай call-орталығымен басқарылады. Тегін Wi-Fi, арнайы жедел қосымшасы, белгіленген баға парағы бар. Пост терминалы арқылы банкілік карточкамен де есеп айырысуға мүмкіндік бар.

«Бүгінгі таңда 300 автокөлікті құраған такси қызметі жолаушыларға барынша қолайлы болып отыр. Олар вокзалдан қаланың кез-келген түкпіріне жете алады. Оның сыртында бізде таксилерге үшінші қабатта арнайы орын дайындалған», - дейді «Нұрлы жол» вокзал кешені директорының орынбасары Н. Аманжолов.

Барлық такси автокөліктері бірыңғай стильде ресімделген. Бұл көліктер Bus Line желісімен қатынап, Астана-1 теміржол вокзалы мен әуежайдан да, ірі сауда орталықтарынан да арнайы тұрақтарды иемденді.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім еткендей, таксилерге вокзалдың арнайы белгіленген аялдамасы тұсынан тапсырыс беруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер