"Нұрлы жол" вокзалы арқылы екі жылда 7 млн-нан астам жолаушы тасымалданған - Нұрлы жол|25 Қазан 2018, 15:59
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

"Нұрлы жол" вокзалы арқылы екі жылда 7 млн-нан астам жолаушы тасымалданған

Астана, BAQ.KZ. Биыл ашылғанына екі жыл толған «Нұрлы жол» вокзал кешені арқылы осы аралықта 7 миллионнан астам жолаушы мен келушілерге, 1156 ұйымдастырылған топқа қызмет көрсетілген. Оның 523-і балалар топтары болса, жолаушылардың ішінде 6500 адам мүмкіндігі шектеулі жандар болған.

Вокзал кешені директорының орынбасары Нұрлан Аманжоловтың айтуынша, кешен жетілдіру, нақтырақ айтқанда логистиканы жақсарту және сервистік қызметті кеңейтуге қатысты жетістіктерді ерекше атай кеткен жөн.

"Технологиялық аймақ – келу залдарының ашылуы вокзалда қосымша 12 эскалаторды іске қосу арқылы жолаушылардың қарама-қарсы ағынын жоюға мүмкіндік берді. Жолаушылар қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында виджет табло кестесі қайта қарастырылып, ол екіге, яғни келетін пойыздар қозғалысының және жөнелтілетін пойыздар қозғалысының кестесі болып бөлінді. Қызмет сапасын арттыру үшін кешенде басқа да жұмыстар жүргізіліп келеді", - дейді Н. Аманжолов.

Тағы бір айта кетерлігі – жолаушыларға жайлы болу үшін тегін балалар ойын алаңы, намазхана ашылды. Сонымен қатар қазпошта, массаж орындықтары, сувенир сататын дүкендер мен өзге де қызметтер пайда болды.

"Біздің нысан көлік хабі секілі даму үстінде – себебі вокзал маңы аумағында «Сапаржай» автовокзалының филиалы ашылды. Мұнда жолаушыларға , соның ішінде қалааралық және облысішілік бағдарларда қатынайтын транзиттік жолаушыларға қызмет көрсетіледі. Оларға да жолаушылар жайлылығы үшін күту залдары мен анықтама қызметі және билет кассасы қарастырылған", - дейді директордың орынбасары.

Бүгінде негізінен жастардан құралған вокзал кешенінің ұжымы өз жетістіктерімен қашан да мақтана алады. Ол жетістіктер қызметкерлердің жұмыстан тыс өмірлеріне де қатысты. Мәселен, вокзал ашылғалы бері 28 қызметкер отбасын құрған. Соның ішінде 5 жұп дәл осы кешеннің қызметкерлері арасынан сыңарларын тапқан. Солардың бүгінде 14-і балалы-шағалы болып үлгерді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның қызметкерлерінің арасындағы 2018-2020 жылдарға арналған Ұжымдық шартқа сәйкес барлық қызметкерлерге еңбек демалысына байланысты материалдық көмек беріліп, теміржолшылар балалары жазғы демалыста екі жыл қатарынан Бурабайдағы «Дискавери Боровое» жазғы сауықтыру лагеріне барды. Оннан астам қызметкер еліміздің аумағындағы санитарлық курорттық демалыс орындарында демалды.

Қызметкерлердің қоғамдық жұмыстарға араласу белсенділігі өте жоғары. Бұған олардың жастық жігері мен жалынды күш-қайраты да ықпал етсе керек. Олар қашан да ұлттық компания көлемінде өтетін спорттық-мәдени шараларға белсенді атсалысады және жүлделі орындарға ие болып жүр. Жастар саясатының шеңберінде вокзал кешенінің 35 жасқа дейінгі жас қызметкерлері аймақтық тренингке қатысып, соның қорытындысында олар жыл сайынғы жастар форумының қатысушысы атанды. Кешеннен жинақталған көңілділер мен тапқырлар командасы ұлттық компания КТК ойындарының лигасында мәреге жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер