«Нұрлы жол» вокзалы 305 мың жолаушыға қызмет көрсеттi - Нұрлы жол|25 Шілде 2017, 11:11
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Нұрлы жол» вокзалы 305 мың жолаушыға қызмет көрсеттi

Елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы пайдалануға берiлген кезден бастап 305 мың жолаушыға қызмет көрсеттi. Бұл туралы Үкiмет отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi. Атап өтсек, жаңа вокзалды 31 мамыр күнi Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашқан болатын.

«Мемлекеттiк бағдарлама аясында салынған жаңа астаналық «Нұрлы жол» темiржол вокзалы пайдалануға берiлген кезден бастап 305 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеттi. Соныме қатар, маусым айының басынан берi Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының жаңа терминалы 19 шетелдiк әуе тасымалдаушының халықаралық рейстерiне қызмет көрсеттi. Биыл астаналық әуежайдағы жолаушылар ағынының өсiмi 2016 жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 19 пайызды немесе 1,8 млн жолаушыны құрады. Жаңа жолаушылар терминалы пайдалануға берiлген күннен бастап халықаралық рейстердiң 227 мың жолаушысына қызмет көрсеттi», - дедi «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асуы туралы баяндаған Жеңіс Қасымбек.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жалпы аумағы 126 мың шаршы метрді құрайды. Кешен ғимараты 6 қабат болып, бірінші және екінші қабатта көлік тұрағы, үшінші қабатта перрон, яғни пойызға шығатын жолаушылар алаңы, төртінші қабатта барлық операция жүргізілетін басты холл орналасқан. Вокзал іші мен сыртындағы автотұраққа 1500-ге жуық көлік сыяды. Алты пойыз жолы қарастырылған. Бесінші қабатта фудкорд болса, алтыншы қабатта вокзал әкімшілігі, қонақ үйлер, медициналық пункт, ана мен бала бөлмесі бар. Сондай-ақ, вокзалда жүк сақтайтын бөлмелер де орналасқан. Олар бірінші, төртінші және алтыншы қабаттарда орналасқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер