BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрлы жол. Бір жылда жол салу саласында 75 мың жұмыс орны ашылды

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы іске асырыла бастаған уақыттан бері мемлекеттік бағдарламаның еліміздің ЖІӨ өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға елеулі әсер етіп жатқаны байқалуда. Оған қоса заманауи әрі сапалы автомагистральдарды салуға басымдық берілген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру қорытындылары ҚР Инвестициялар және даму министрлігі берген мәліметтерге сәйкес әзірленген инфографикаларда ұсынылған.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында «Нұрлы жол» бағдарламасы екі жыл ішінде өзін толық ақтағанын атап өтіп, оны экономиканың толыққанды драйвері ретінде одан әрі дамыту міндетін қойған болатын.

«Биыл республикалық маңызы бар 4,6 мың шақырым автожол құрылысы мен қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 23 жобаны іске асыру көзделген. Жыл соңына дейін оның 528 шақырымы пайдалануға беріледі. Еліміздің көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердің еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаңғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деңгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көңіл аудару қажет. Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемінің ұлғаюына байланысты Құрық портын салудың екінші кезеңі – автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет», — делінген Жолдауда.

2018 жылы бағдарлама аясында автожолдарды салу кезінде көптеген жұмыс орындары ашылды. Мәселен, егер 2017 жылы құрылған 100 мың жұмыс орнының 70% автожолдар құрылысына бағытталған болса, 2018 жылы республикалық жолдарды салу саласының өзінде 75 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

«Нұрлы жол» аясында 2020 жылға дейін 6,5 мың шақырым ақылы жолды пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде осы жылы — 471 шақырым. Бұл — «Астана – Теміртау», «Алматы – Қапшағай», «Алматы – Қорғас».

Жалпы 2020 жылға қарай 7 мың шақырымға жуық жолды реконструкциялап, салу көзделген. Сонымен қатар, транзиттік контейнерлік тасымалдар саны 10 есеге — 2 млн контейнерге дейін ұлғайтылады. Транзиттік авиа жолаушылар ағынын 4 есеге — 1,6 млн-ға дейін өсіру жоспарда бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер