«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша алғашқы пәтерлер салына бастады - Нұрлы жол|12 Қараша 2016, 11:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша алғашқы пәтерлер салына бастады

«Нұрлы жол» бағдарлама бойынша Астана, Алматы Өскемен және Қарағанды қалаларында алғашқы пәтерлер салына бастады. Баспана халықтың барлық санатына арналған деп, хабарлайды Baq.kz тілшісі «Қазақстан» ұлттық телеарнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа мемлекеттік бағдарлама бойынша Астана қаласында 2000- ға жуық тұрғынға «Нова сити» тұрғын үй кешені мен «Алтын Шар» тұрғын үй кешендері пайдалануға берілмек.

Қазір таңда «Нова сити» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары басталып кеткен. Сондай-ақ аталмыш бағдарлама аясында Қарағанды мен Өскемен қалаларында «Жанұя-2» және «Жібек жолы» жаңа тұрғын үй кешендері салынбақ. Ал Алматы қаласында 12 қабатты 11 үйдің, 9 қабатты 24 үйдің құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жеке құрылыс компанияларын қолдауға ұлттық қордан 97 млрд теңге бөлінген болатын. Жаңа тұрғын үй кешендері аталмыш бағдарлама бойынша салынуда. Бағдарламаға жауапты - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ. Бағдарлама аясында құрылыс компанияларына пәтерлерді сатуға шектік баға бекітілген. Пәтерлер Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалалары үшін шаршы метріне 288 мың теңге, ал өзге өңірлер үшін шаршы метріне 240 мың теңге.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер