BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Нұрлы жол" аясында экспорттаушылардың қаржы мөлшерлемесі төмендеді

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақстанның даму банкі» АҚ «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Қазақстанның шикізаттық емес экспортын қолдау мақсатында қаржыландыру мөлшерлемесін төмендетеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Енді қарыз алушылар үшін сыйақының ақырғы мөлшерлемесі бұған дейін қолданылып келген жылдық 9% мөлшеріндегі ең көп мәннің орнына 8% аспайтын шаманы құрайтын болады.

Жалпы, несие 1 жылдан 3 жылға дейін теңгелей беріледі. Ал, қарыздың ең аз сомасы – 1 млрд теңге.

«Қазақстанның шикізаттық емес экспортын дамытуға жәрдемдесу банк қызметі шарттарының бірі болып табылады. Біз шикізаттық емес экспорттаушыларды қамтудың кеңейетініне, экспорттық түсімін ұлғайту мүмкіндігін пайдалана алатын, осылайша, біздің еліміздің экономикасының шикізаттық емес секторының экспорттық әлеуетін арттыруға өз үлесін қосатын ҚДБ-ның жаңа клиенттеріне қуанатын боламыз», - деді ҚДБ Клиенттермен жұмыс жөніндегі дирекциясының аға банкирі Владимир Ли.

Айта кетейік, жаңартылатын қаржыландыруды ескергенде, 2018 жылғы 01 тамыздағы жағдай бойынша банк жалпы сомасы 90,9 млрд теңге экспорталды операцияларын жүзеге асыру үшін 16 кәсіпорынды қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Осылайша, банк бағдарлама шеңберінде күштік трансформаторлар, кіші станциялар, титан қаңылтақтар, құбырлар, арматура, қаңылтыр, мырыш, қорғасын, мыс, сары фосфор, натрий триполифосфаты, аммофос, глинозем, өсімдік майы, сүт өнімдері, шәй, шырындар, кондитер өнімдері сияқты тауарлар экспортына қолдау көрсетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер